Қазақстанда несиесін төлей алмаған азаматтарды банкрот деп тану рәсімі жеңілдетілмек
Фото: istockphoto.com
Енді банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмаған азаматтарды банкрот деп тану мәселесі жеңіл шешілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен қаржы министрлігі бірлесіп, соттан тыс азаматтарды банкрот деп тану тетігін іске қоспақ.
Жаңа заңға сай, қарызын бес жылдан бері төлемеген және берешек сомасы кемінде 6 миллион теңге болатын борышкерлерге несие беруіші ұйымдар арнайы хабарлама жібереді. Егер борышкер келісім берсе, банкрот деп тану рәсімі сотқа жүгінбей-ақ басталады. Бұрын алты айға дейін созылатын бұл процесс енді небәрі бір айда аяқталуы мүмкін.
Салық төлемегендерден қарызды өндіріп алу тәртібі өзгереді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Енді ипотекасы бар қазақстандықтар несие төлеуді уақытша тоқтата алады
"Сотқа дейін банкрот рәсімін өткізуге болады. Бес жылдың ішінде төлемеген несиесі және ешқандай активі болмаса, оны алты айдай ұстап қажеті жоқ. Біз қаржы министрлігімен бірге осы шешімге келдік. Алты айдан бір айға дейін мерзімді қысқарту жоспарланып отыр", – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.
Еске салсақ, бұған дейін өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген қазақстандық кенеттен миллионер екенін білгені туралы жазған едік.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды