Қазақстанда несие беруді 21 жасқа дейін шектеу ұсынылды

Сенатор Геннадий Шиповских жастар арасындағы қарыздық жүктеменің артуына назар аударып, микрокредиттер беру талаптарын күшейтуді, атап айтқанда жас бойынша шектеу енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол өз депутаттық сауалында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенатордың айтуынша, бүгінде көптеген жастар тәжірибесіздігінен уақытша қиындықтарды микрокқаржы ұйымдарынан жедел қарыздар рәсімдеу арқылы шешуге тырысады. Алайда жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен айыппұлдар салдарынан олар қарызды уақытында қайтара алмайды.
Шиповскихтің айтуынша, 18 жастағы азаматтарға берілген неиелер саны туралы ресми дерек жоқ.
"Халықпен кездесулер мен әлеуметтік желілердегі ақпарат жастардың елеулі бөлігінің банк шоттарының бұғатталуымен және жоғары қарыздық жүктемемен бетпе-бет келіп жатқанын көрсетеді. Бұл мәселе қоғамда кең талқыланса да, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ашықтығының жеткіліксіздігі нақты жағдайды объективті әрі жан-жақты бағалауды қиындатады. Ең қызығы, агенттікте ақпарат жоқ, ал әлеуметтік желілерде мұндай ақпарат көп", – деді сенатор.
Депутаттың айтуынша, бірнеше рет басып, оңай рәсімделетін кредиттердің қолжетімділігі, жастарға бағытталған агрессивті жарнама және қаржы сауатының төмендігі жастарды тәуекелдерді бағаламай, тез несие алуға итермелейді.
"Бұл олардың психологиялық жағдайына кері әсер етеді, күйзеліс, депрессия және әлеуметтік оқшаулануға алып келеді", – деді ол.
Мәселені шешу үшін Шиповских бірқатар жүйелі шараны, атап айтқанда микрокредит алу жасын 21-ге дейін көтеру, міндетті несие тарихын тексеру және қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау механизмін енгізу, оның ішінде табысы мен міндеттемелерін талдауды ұсынды.
- "Бір уақытта бірнеше банктен несие алуға тыйым салынады": Банктер туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілді
Сондай-ақ ол мектептер мен колледждерде қаржы сауаты бойынша міндетті пән енгізуді ұсынды. Бұдан бөлек, сенатордың пікірінше, қиын психологиялық немесе қаржылық жағдайға тап болған жастарға арналған мемлекеттік онлайн платформа мен қолдау орталықтарын құру қажет.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты