Қазақстанда "Наурыз" ипотекасы басталады: Қарыз лимиті 36 миллион теңгеге дейін
Фото: Ru.freepik.com
Қазақстанда 10 наурыздан бастап “Наурыз” жеңілдетілген ипотекасы басталады. Өтініштер 31 наурызға дейін қабылданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Наурыз” – жылдық мөлшерлемесі тұрақты 7–9% мемлекеттік ипотекалық бағдарлама. Бағдарламаның операторы – Отбасы банк.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Соңғы 5 жылда қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, 18 жасқа дейінгі балалар) өз жеке баспанасы болмау керек;
Отбасы банкінде кемінде 2 миллион теңге депозит болу керек. Депозит мерзімі маңызды емес.
“Наурыз” ипотекасының шарттары
Пайыздық мөлшерлеме:
7% – әлеуметтік осал топтарға;
9% – қалған азаматтарға.
Бастапқы жарна:
10% – таза әрленген пәтерлер үшін;
20% – әрленбеген немесе екінші нарықтағы пәтерлер үшін.
Қарыз лимиті:
Алматы мен Астана – 36 миллион теңгеге дейін;
Аймақтар – 30 миллион теңгеге дейін.
Қарыз мерзімі: 19 жылға дейін.
“Наурыз” бойынша не сатып алуға болады
Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында – тек жаңа құрылыстағы тұрғын үйлер, оның ішінде Құрылыс жинақтағы кооператив кепілдігімен салынған кешендер.
Аймақтар мен моноқалаларда – жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйлер, оның ішінде жеке үйлер.
Өтініштер тек жұмыс күндері, 9:00-21:00 аралығында қабылданады.
“Наурыз” ипотекасында депозиттегі жинақ маңзды рөл ойнайды. Отбасы банк осы жинаққа сыйақы (вознаграждение) қосады. Сыйақы мөлшері кнесиеге өтініш беруге қажетті баллдарды жинауға көмектеседі.
“Наурыз” ипотекасы екі кезеңнен тұрады:
Алдын ала қарыз – 8 жыл. Төлем жоғары болады: бір бөлігі пайызға, бір бөлігі депозиттегі жинаққа кетеді.
Тұрғын үй қарызы – 11 жыл. Депозитте тұрғын үй құнының 50%-ы жинақталғаннан кейін пайыздық мөлшерлеме төмендейді, ай сайынғы төлем азаяды.