Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 375 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге дейін өседі
Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспарлары туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 1,2 млн азаматтық қызметші бар. 2023 жылға дейін еңбекақыны жыл сайын арттыру жоспарланып отыр, бұл 651 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлердің жеке санаттарын қамтиды.
Мұғалімдер еңбекақысы жыл сайын 25%-ке өседі, 2023 жылға қарай екі есе өсіп, 375 мыңға дейін жетеді.
Сондай-ақ дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни 561 мың теңгеге дейін өседі.
Сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға дейін көтеріліп отырады. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе – 229 мың теңгеге дейін өседі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі