Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдерді қорлағаны үшін жаза күшейтіледі

Фото: Pixabay.com

Қазақстанда мұғалімдердің құқықтарын қорлағаны және бұзғаны үшін жазаны күшейтуді ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мұғалімдердің құқығы туралы мәлімдеді.

"Қазір мұғалімдерді қорлаған оқушылар әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады. Бірінші рет құқықбұзушылық үшін ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда айыппұл салынады", – деді ол.


Неге кей қазақстандық мұғалімдер мерекелік сыйақы алмайды – Министрлік жауап берді


Әшіров тамыздағы конференцияда мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтарын қорғауды күшейтуді және "Мұғалмдердің мәртебесі туралы" заңға түзетулер енгізуді тапсырғанын еске түсірді.

"Осы нұсқаулықтың бөлігі ретінде мұғалімдердің құқықтарын бұзғаны және оларға құрметсіздік көрсеткені үшін жазаны күшейтетін заң жобасы әзірленіп жатыр. Мысалы ескертусіз дереу айыппұл салу ұсынылады", – деді министрлік өкілі.

Сонымен қатар жаңа түзетулер мұғалімдерге жүктелген қағазбастылық жүктемесін азайтуға және ата-аналардың балаларының мектептегі тәртібі үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 17:06