Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп оқушысы жүкті екенін 6-айда бірақ білген

Мақпал есімді мектеп оқушысы үш жыл бірге жүрген жігітінен жүкті болып қалған. Ол өзінің аяғының ауыр екенін тек алтыншы айда бірақ білген екен. Сәбиін босанғаннан кейін жігіті оны тастап кеткен. Ал жігіттің ата-анасы балаларының қайда екенін айтпай отыр.

42_18052672

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Мамандардың айтуынша, ерте жүктіліктің 70℅-ы түсік тастаумен аяқталады екен. Десе де, кәмелетке толмаса да, білімін жалғастырып, отбасының ұйытқысы болып отырған жас аналар бар. Қалай десек те, үлкен өмірге қадам баспай жатып, тағдыры тәлкекке түскен жас жеткіншектеріміз жетерлік. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 70℅-дан астамының өз ата-аналары бар. Бірақ ата-аналары оларды қабылдамай қойған.

Бүгінде 16 жастағы Мақпал бір баланың анасы. 9-сыныпта оқып жүрген кезінде үш жыл бірге жүрген жігітінен жүкті болып қалады. Анасымен бірге Астанаға келіп, осы жерде босанады. Ал баланың әкесі ұшты-күйлі жоқ болады.

«Мен 6-сыныпта оқып жүрген кезде бір жігітпен кездесіп жүрдім. Аяғымның ауыр екенін алтыншы айда бірақ білдім. Жүріп жүрген жігітіме қатты сендім. Бізде барлығы дұрыс болатын шығар деп ойладым. Екеуіміз үш жыл бірге жүрген соң, баланы қалдырамыз деп шешім қабылдадық. Ол бала туа салысымен жоғалып кетті. Ал ата-анасы сол бұрынғы үйінде тұрып жатыр. Бірақ баласының қайда екенін бізге айтпайды», – дейді Мақпал.

Психолог Ғалияш Мақашова ерте тұрмысқа шығудың еш пайдасы жоқ екенін айтып жатыр. «Қазіргі жастарға тұрмысқа ерте шығу кері әсерін тигізуде. Жасөспірімдер бірін-бірі тәрбиелейді. Отбасын құрмай тұрып балалы болса, «Неге мұндай қателікке бардым?» деп қолындағы сәбиін жеккөріп кетуі мүмкін», – дейді ол.

Ал Ұлбосын Омарова есімді келіншек керісінше ерте тұрмысқа шығуды дұрыс деп санайды. «Өзім ерте тұрмысқа шықтым. Қазіргі уақытта ерте тұрмысқа шыққан дұрыс деп ойлаймын. Әдетте қыздар оқуға түсіп, артынша мансап жолын қуып уақыттың қалай өтіп кеткенін, қалай кәрі қыз атанып қалғанын білмей қалатын кездер де болады», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әже қыздарға 20 жасқа дейін босанып алуға кеңес берді

Алматыда жас ана өзінің сәбиін 2 мың долларға сатып жіберді

Мәжіліс депутат бэби-бокс орнату мәселесін тағы көтерді

Шымкентте қошқар көтеруден жарыс өтті

Талқылау