Қазақстанда мектеп оқушыларының наурыздағы демалысы қанша күнге созылады
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында қазақстандық оқушылардың көктемгі демалысы 11 күнге – 21 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасатыны жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылы қабылданған бұйрыққа сәйкес үшінші, ең ұзақ тоқсан 10 оқу аптасын қамтиды. 21 наурыздан бастап көктемгі демалыс басталып, 31 наурызға дейін жалғасады.
Бұдан кейін оқушылар мектепке оралады. Олардың оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 21-23 наурыз аралығында Қазақстан Наурыз мерекесін атап өтеді. Көктемгі күн мен түннің теңелуіне байланысты ел тұрғындары үшін де демалыс күндер беріледі.
- Бес күн жұмыс істейтін азаматтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері демалады.
- Алты күн жұмыс істейтін қызметкерлер 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұр. Қаңтардың бірінші аптасында бес күннің тек біреуі ғана жұмыс күні болса, ал наурызда қатарынан бес күн демалыс беріледі.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен