Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп бағдарламасына әлемдік діндер туралы жаңа оқулық енгізіледі

Мектеп бағдарламасына “Қоғам және дін” жаңа оқулығын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

3107689

Жаңа оқулықкелесі оқу жылында шығарылатын болады, деп хабарлады Sputnik.

“Білім министрлігімен бірге жаңа оқулық әзірленіп жатыр. Әзірге оның атауы — “Қоғам және дін”. Оқулық мектеп бағдарламасына енгізілетін болады. Оқулықтаәлемдік діндер, мемлекеттің зайырлы негіздері жөнінде ғылыми тұрғыда берілетін білім контенті күшейтілген”, — деді Ермекбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, дін министрлігі радикалды көзқарастағы адамдармен жұмысқа үлкен көңіл бөледі. Ішкі істер министрлігіменбірлесе діни экстремизм үшін сотталғандарды оңалту бойынша арнайы қызметте рұйымдастырылып жатыр.

“Батыс облыстарының бірінде, сонымен қатар Жамбыл, Қызылордажәне Шығыс Қазақстанда облыстарында дінтану мамандығын ашу мәселесіқарастырылып жатыр. Бұл теріс ағымдардың таралу қаупі бар өңірлерде зайырлы дін мамандарын дайындауға мүмкіндік береді”, — деп түйді сөзін Ермекбаев.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында баласын сатпақ болған әйел 8 жылға сотталуы мүмкін

Алматы полициясы өмірі мектепке бармаған, дәрігерге қаралмаған қос егізді тауып алды

Жұмыс уақытында мешітке барған мемлекеттік қызметкерлерге жаза қолданылуы мүмкін

Талқылау