Қазақстанда мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды
Қазақстанда мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock.com
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.
Депутат материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша жеке заң жобасын жасауды ұсынып, заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибеге жүгіну қажет екенін айтты.
Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен жаңа мектеп бағдарламасы сынақтан өткізіледі
"Не істеліп жатыр: пайдалы, пайдасыз, құнды, құнсыз – ажыратуымыз қажет. Біз материалдық емес мәдени мұрамызды мақтанышпен қорғап, сақтауымыз керек. Және оны мектеп бағдарламасына енгізу керек. Сол кезде жастар материалдық емес мәдени мұраны сақтауға атсалысады. Бізді алда көп жұмыс күтіп тұр", – деді депутат әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Еске салсақ, бұған дейін депутат мәдени құндылықтарды құрметтемегендерге қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынғаны туралы жазған едік.