Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС бойынша стоматология тарифтерін қайта қарауды ұсынды

Парламенті мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова ерекше балалардың тістерін емдеу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Ажар Сағындықова Қазақстан өңірлерін аралап жүріп, ерекше балалардың тісін емдеу мәселесінің жиі көтерілетінін айтты. 

“Ерекше балалардың ата-аналарының айтуынша, наркозбен тіс емдеу үшін алты айлап кезек күту керек екен. Олар мамандар жеткіліксіз болғандықтан балаларды аптасына екі рет қана қабылдайды деп шағымданды. Алайда ерекше балалары бар ата-аналардың ем-шараға төлейтін ақшасы барын білгенде реаниматологтар, тіс дәрігерлері, ортодонт дәрігерлері бірден уақыт табатын көрінеді”, – дейді депутат. 



Сонымен қатар, ол заңға сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге жедел стоматологиялық көмек көрсетілетінін атап өтті.

“Отырыс сайын әріптестерім МӘМС пен ерекше балалардың тісін емдеу шарасы туралы мәселені көтереді. Меніңше, үкімет ең болмағанда өзінің жауапсыздығы мен әрекетсіздігі үшін ұялуы керек”, – деді Ажар Сағандықова.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын алу ережелерін жаңартқан еді.

Талқылау