Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық адам баспана кезегінен шығарылды

2024 жылдың мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Florcvet.ru

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 255 140-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.

"Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін жыл сайынғы түгендеу Қазақстанда 300 мыңға жуық адам тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсетті. Яғни, талапқа сай келмейтін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беруге құқығы жоқ тұлғаларды айтып отырмыз", – делінген хабарламада.

"Түгендеу" – бұл жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты орналасқан жерін, олардың мақсатын, өлшемін, ауданын, нақты пайдаланылуын, құрамын және техникалық жағдайын анықтауды тексеру және анықтау.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бүгінге дейін, әкімдіктер жалпы саны 32 931 азаматты кезектен шығару туралы қаулы қабылдады. Кезекте тұрғандар арасындағы сәйкессіздіктердің ең көп саны мына себептер бойынша анықталды:

  • кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкі болса;
  • кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы деректердің сәйкес келмеуі;
  • әлеуметтік жағдайының сәйкес келмеуі (толық емес отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектер және т.б.);
  • мемлекеттік қызметкер мәртебесінің сәйкес келмеуі (АЖ-де ekyzmet болмауы).

2024 жылдың мамыр айынан бастап министрлік kezekte.kz ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп, сәйкессіздіктер анықталған кезекте тұрғандарды жеке деректерін жаңарту қажет екені туралы SMS хабарлама арқылы хабардар ету шешімін қабылдады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерге мәліметтерді жаңарту үшін белсенді түрде келе бастады. Қазір 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды. Мамыр айынан бүгінге дейін 17 000 азамат кезектен шығарылды.

Талқылау