Қазақстанда құрылыс компанияларына жасалатын салықтық жеңілдіктер алынып тасталмақ
Жаңа Салық кодексі жобасында құрылыс компанияларына жасалатын салықтық жеңілдіктерді алып тастау ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
“Құрылыс компанияларына тұрғын үйді сатқан кезде қосылған құн салығы жеңілдігін сақтап қалу мәселесі көтерілген еді. Біз бұл мәселені қосымша талқыладық. Қазір салықтық жеңілдіктердің тұрғын үй бағасының төмендеуіне әсер етпейтіні, керісінше, құрылысшының маржасын арттыратыны туралы пікірдеміз. Егер динамикаға қарасақ, құрылыс материалдарының бағасы 106%, ал тұрғын үйдің бағасы 116% өсті”, — деді вице-министр мәжілісте жаңа салық кодексін талқылау барысында.
Еске салсақ, мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда-ақ мақұлдаған еді. Алайда екінші оқылымға дейін жобаны жетілдіру қажет екені атап өтілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"