Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құқық бұзғандарды видеоға түсірген азаматтарға ақшалай сыйақы беріледі

Ішкі істер министрлігі құқық бұзғандарды дер кезінде видеоға түсірген азаматтарды марапаттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" заң жобасын жариялады. Заң жобасы негізінде азаматтарға "қоғамдық көмекші" болуға және тәртіпті сақтауға қатысуға мүмкіндік беру жоспарланған. 

Құжатта құқықбұзушылықтың алдын алып, жолын кесіп немесе бейнежазбаға түсірген әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматтарды ынталандыру қарастырылған.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталады немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеңілдіктер (қоғамдық көлікте тегін жүру, автотұрақтың тегін болуы немесе басқа жеңілдіктер) қарастырылады", – делінген заң жобасында. 



Әкімдіктер бұл азаматтарға қоғамдық көлікте тегін жүру немесе тегін тұрақ секілді жеңілдіктер жасауы мүмкін. Алайда сыйақы алушылар алушы ретінде көрсете отырып, оны қайырымдылық ұйымына қайта бағыттауға құқылы. Құжат 8 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ашық.

Еске салайық, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындағанын жазған едік. Агенттік контрагенттерге 4 миллиард теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген ақтөбелікке іздеу жариялады. 

Талқылау