Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көше бойындағы валюта бағамдары көрсетілген баннерлер алынып тасталмақ

Қазақстанда көше бойындағы ғимараттардың қасбеттерінен валюта бағамдары көрсетілген баннерлер алынып тасталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kt.kz

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатта айырбастау пункттерінің сыртында шетел валютасының сатып алу және сату бағамдары туралы ақпарат орналастыруға тыйым салу ұсынылған.

Ұлттық банк мәліметінше, қазір мұндай сыртқы ақпараттық стендтер сыртқы жарнамаға жатпайды, сондықтан олар жол бойында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, ғимараттардың қасбеттерінде, жол белгілерінің үстінде және қоғамдық орындарда орналастырыла береді. 



"Енді қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары туралы ақпарат тек айырбастау пунктінің ішіне орналастырылады", – делінген құжатта. 

Бұл өзгеріске ақша айырбастау пункттері дисплейлерінің "жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтіретіні" себеп болған. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгергені туралы жазған едік. 

Талқылау