Қазақстанда көптен күткен «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

«Бүгінгі күні бағдарламаны іске асыру басталды деп айтсақ болады. Біз екінші деңгейлі банктермен келісімге қол қойдық. Қазірдің өзінде Алматы, Астана, Атырау және Орал қалаларында ипотекалық несиелер берілді», – деді Данияр Ақышев брифингте.
Қаржы реттеушінің айтуынша, бағдарламаны іске асыру қазақстандықтардың тұрғын үйге деген сұранысын арттырады және құрылыс қарқынына жағымды әсер етеді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда ҚР Ұлттық банкі төрағасы “7-20-25” бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы болатынын хабарлаған болатын.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"