Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көп балалы аналарға берілетін марапатқа жаңашылдық енгізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыға әсер ететін жаңашылдықты атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Cурет ашық дереккөздерден алынды

Министр Әлеуметтік кодекстің тұсаукесерінде кодекске “Аналарды марапаттау" енгізілетінін атап өтті. Сөзінше, бұл мәртебе көп балалы аналардың еңбегін тану және құрмет көрсету мақсатында өмір бойғы атақ ретінде жүргізілмек. Бұл "Күміс алқа", "Алтын алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.

"Наградталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері де сараланады. Бүгінгі таңда алты, жеті және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де өзгереді. Сәйкесінше жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегендерге 7,4 АЕК-ке дейін өсетін болады", - деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістің 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысы болмақ.

Талқылау