Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай коммуналдық қызметтер бойынша баға көтеруге мораторий енгізіледі

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифін көтеруге тыйым салынады

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифін көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Премьер-министр Олжас Бектенов азаматтардың мүддесіне бағытталған экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру жөніндегі президент тапсырмасын орындау мәселесі бойынша үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді. 

Нәтижесінде үкімет биылғы 16 қазаннан бастап барлық тұтынушы тобы үшін коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтату туралы шешім қабылдады.

“Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығыстарын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ТКШ жүйесі нысандарында жоспарланған барлық жөндеу жұмысы белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс. Айта кету керек, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін тұрғын үй көмегін көрсету тетігі қолданылады”, – делінген ақпаратта.

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев қандай коммуналдық қызметтерге бағаны көтеруге мораторий енгізілгенін атап өтті. Олардың арасында электр, жылу, су, газбен жабдықтау және кәріз қызметтері бар.

“Бірінші кезекте 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тарифтердің өсуін тежеу мәселесі қозғалады. Біз электрмен, жылумен жабдықтау, сумен, кәріз және газбен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтер туралы айтып отырмыз. Бұл өмірлік маңызды салалар. Осы орайда біз аталған қызметтердің тиісті сапасын, барлық инвестициялық іс-шаралардың орындалуын және ТКШ инфрақұрылымының тұрақты, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеміз”, – деді ұлттық экономика вице-министрі.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылдағаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 19:22
Талқылау