Қазақстанда көмірді онлайн сату жолдары енгізіледі
Қазақстан үкіметі көмірді халыққа маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы сату жолдарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда еліміздегі ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосқан. Премьер-Министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар кеңесте сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданғаны туралы айтылды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”