Қазақстанда қолайсыз ауа райы себебінен 15 ірі тас жол жабылды
10 наурыз таңға қарай Қазақстанның сегіз облысындағы 15 республикалық жолда қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай облысы:
- "Таскескен – Бақты – Қытай Халық республикасы шекарасы", 75-187 шақырым (Үржар – ҚХР шекарасы).
Ақмола облысы:
- "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған", 232-260 шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
- "Жақсы – Есіл – Бузулук", 0-82 шақырым (Жақсы ауылы – Бузулук ауылы);
- "Жезқазған – Арқалық – Петропавл", 377-595 шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы);
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы", 856-997 шақырым (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы – Атбасар қаласы);
- "Көкшетау – Атбасар", 120-184 шақырым (Атбасар қаласы – Максимовка ауылы);
- "Астана – Қарағанды – Алматы", 1291-1353 шақырым (Жібек жолы бақылау-өткізу пункті – Ақмола облысының шекарасы).
Алматы облысы:
- "Алма-Тау демалыс базасына кіреберіс", 0-15 шақырым (Түзбастау – Бесқайнар).
Жетісу облысы:
- "Сарыөзек – Көктал", 40-68 шақырым (Алтынемел асуы) – тек жеңіл автокөліктер үшін ашық.
Қостанай облысы:
- "Жезқазған – Арқалық – Петропавл", 252-340 шақырым (Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы);
- "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған", 108-232 шақырым (Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы);
- "Жезқазған – Арқалық – Петропавл", 339-377 шақырым (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы).
Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты жолдар жабылды. 08:00 жағдай бойынша 8 облыстағы 10 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"