Қазақстанда көкөністің бағасы бір жылда 10%-ға өсті
Елімізде көкөніс импорты экспорт деңгейінен асып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі EnergyProm сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ҚР-да бұрыш импорты 3 есе өсіп, 26,9 мың тоннаға дейін жетті. Сондай-ақ бақша дақылдарының импорты 85,2%-ға (50 мың тоннаға дейін), қияр мен қышқыл 69,7%-ға (7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ 64,4%-ға (3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат 61,5%-ға (103 мың тоннаға дейін), қызанақ 40,9%-ға ( 51 мың тонна) артты. Қызылша импорты 5,3%-ға (9,1 мың тоннаға дейін) және баялды 2,3%-ға ( 2,2 мың тоннаға дейін) аз болса да өсті.
Картоп (19,9% - ға 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%-ға 194,5 мың тоннаға дейін) және сәбіз (5,5%-ға 32,5 мың тоннаға дейін) сияқты көкөністер бойынша импорт көлемі қысқарды.
Өз кезегінде ҚР-да экспорт көлемінен де өсім байқалады. Қызылша 3,4 есе (892,9 тоннаға дейін), бұрыш 3,2 есе (565,3 тоннаға дейін), сәбіз 29,6%-ға (2,3 мың тоннаға дейін), қияр 24,6%-ға(3 мың тоннаға дейін), сарымсақ 24,4%-ға (403,2 тоннаға дейін) артты.
Алайда картоп, баклажан, қызанақ, бақша дақылдары, пияз және қырыққабат экспорты қысқарды.
Өкініштісі, ағымдағы жылы көкөністердің негізгі түрлері бойынша импорт көлемі экспорттан бірнеше есе артық. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш 47,6 есе, қырыққабат 18,3 есе, сәбіз 13,9 есе, қызылша 10,2 есе, сарымсақ 8,7 есе, пияз 6,3 есе, картоп 5 есе, қызанақ 4,9 есе және қияр 2,6 есе артық.
Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер бір жылда 10%-ға қымбаттаған. Олардың ішінде қияр 29,6%-ға, қызанақ 21,8%-ға, пияз 13,9%-ға, картоп 13,2%-ға және қызылша бағасы 0,1%-ға өсті. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандаған.
Алматы облысында баға шарықтаған. Бір жылда баға 27,8%-ға артқанын көруге болады. Жетісу және Атырау облыстары да бір жылда тиісінше 24,4% және 17%-ға қымбаттады.
Бағаның төмендеуі Жамбыл (0,6%-ға) және Ұлытау (2,3%-ға) облыстарында байқалды.