Қазақстанда қоғамдық орындарда интернетке қосылу ережелері өзгермек
"Ашық НҚА" порталында елімізде интернетке қоғамдық орындарда қосылу кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіру әдістерін кеңейтуге бағытталған байланыс қызметтерін көрсету ережелеріне өзгерістер жобасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:viewsnap.ru
Мәліметтерге сенсек, қоғамдық қолжетімділік пунктінде интернетке қол жеткізу үшін пайдаланушы арнайы форманың "Логин" өрісіне абоненттік нөмірін енгізіп, "Парольді алу" белсенді элементі арқылы бір реттік пароль сұрау немесе eGov-пен байланысу арқылы авторизациялануға болады. Бұрынғы құжат мәтінінде интернетке қосылу үшін eGov арқылы авторизациялану мүмкіндігі болмаған.
Интернетке кіру кезінде авторизацияның келесі қосымша әдістеріне жол беріледі:
- авторизация арқылы;
- банк картасының нөмірі арқылы растау;
- оператордың қосымшасы арқылы құжатты сканерлеу;
- оны растайтын электронды поштамен кіре алады.
"Интернетке қоғамдық қол жеткізу қызметтерін көрсететін байланыс иесі немесе операторы бір реттік дербес идентификаторды (парольді) қамтитын "Логин" жолағында көрсеткен пайдаланушының абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жібереді. Немесе осы дербес идентификаторды (парольді) нөмірдің соңғы цифрлары қол жеткізу коды болатын кіріс қоңырау арқылы алады. Немесе оператордың серверіне шығыс қоңырау арқылы, абоненттің телефон нөмірін анықтаған кезде абонент автоматты түрде интернетке жіберіледі" – делінген құжатта.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, түзету интернеттің қоғамдық нүктелерінде пайдаланушыларды аутентификациялау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сөйтіп eGov арқылы авторизация мүмкіндігін қосады. Бұл азаматтар үшін қолайлы болып, идентификациялау процесін жылдамдатуға және қосымша қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі.
eGov-пен интеграция мемлекеттік деректерді аутентификациялау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл алаяқтық қаупін азайтады және пайдаланушылар үшін қолжетімділікті жеңілдетеді. Әсіресе мобильді байланыс болмай немесе бір реттік пароль алуда қиындық туындаған жағдайда қажет болады. Құжат 22 қазанға дейін талқыланады.
Еске салайық, бұған дейін мамандар қоғамдық орындағы тегін Wi-Fi-ға қосылмауға кеңес бергенін жазған едік. Кофехана мен қонақүйлер, қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi желісіне қосылу қауіпті. Себебі хакерлер тегін интернет қолданушылардың жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін. Сарапшылар гаджетке антивирус бағдарламасын орнатып, қорғалмаған желілер арқылы қаржы транзакцияларын жасамауға шақырады.