Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілмек

Фото: today.kg

Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов қыз алып қашқандарға айыппұл салудан бөлек, қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол барлық жағдайда дерлік қыз алып қашқандар жазасыз қалып отырғанын атап өтті. Оның үстіне, депутаттың мәліметінше, мұндай жағдайлардың көбі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркелген.

“Егер бойжеткен 18 жасқа толмаған болса немесе күш қолданылған болса, не бір топ адам күш қолданса, онда жаза қатаң болады –  5-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 3 жыл ішінде күштеп некелесу  және адам ұрлау бойынша полицияға 214 арыз түскен. Оның 10-ы ғана сотқа жеткен. Бұл жағдайлардың жартысында еш шара қолданбай, босатып жіберген. Қалған 205 іс тіпті қаралмаған, жай ғана қылмыстық істі жауып тастаған. Бойжеткен өзін алып қашып кеткенін, көліктен секіріп кеткенін, оған күш қолданылған дәлелдеп берсе де, ештеңе істей алмаған”, – дейді Әбенов.

Оның айтуынша, келесі аптада ұсынылған бастамаларды депутаттар екінші оқылымда қарайды.

 

 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 15:07
Талқылау