Қазақстанда Қытайдан интернет арқылы сатып алынған тауарларды жеткізуге арналған пойыз іске қосылады
Қытайдан интернет арқылы сатып алынған тауарларды елге жеткізуге арналған транзиттік пойызы іске қосылады. Әзірге жүкті межелі жерге жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпаратты “Қазақстан Темір жолы” АҚ ресми сайтында жариялады. Транзиттік шаттл-пойызы Қазақстан арқылы үш мемлекетке қатынайды. Болашақта жүк көлемі артса жеткізу мерзімінің де жиілігі ұлғаймақ.
“Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрамақ. Ал тұрақты қызмет көрсету жиілігі апта сайын ұйымдастырылады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"