Қазақстанда кімдерге жеңілдетілген декларация бойынша салық төлеуге тыйым салынбақ
Мәжіліске енгізілген Салық кодексінің жаңа жобасында кімдер жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі қолдана алмайтыны көрсетілген. Аталған түзетулер салық жүйесін реформалау аясында талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Құжатқа сәйкес жеңілдетілген салық режимін бірқатар талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар пайдалана алады. Негізгі талаптардың бірі – күнтізбелік жыл ішіндегі табыс шегі 600 000 АЕК-тен (2 359 200 000 теңге) аспау.
Сонымен қатар аталған жеңілдетілген режим В2С өкілдеріне, яғни тауар сату, жеке тұлғаларға қызмет көрсету саласына және қызметі үкімет бекіткен тізімге сәйкес келетін азаматтарға қатысты болмақ.
Жеке кәсіпкердің табыс шегін есептеу кезінде келесі фактілер ескеріледі:
Салық салу нысаны Салық кодексінің 711-бабына сәйкес анықталған;
Актив өсіміне қарай табысы;
Жалпы негізде белгіленген табыс мөлшері.
Осылайша жеңілдетілген салық режимін енді өзге бизнес өкілдеріне тауар сататын немесе қызмет ұсынатын бизнес қолдана алмайды.
Еске салайық, Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Амрин Қазақстанда жаңа салық кодексіне сәйкес қай салалар қосылған құн салығынан босатылатынын айтып берген еді.