Қазақстанда кімдерге коммуналдық шығындар бойынша өтемақы төленеді
Фото: freepik.com
7 тамыз күні үкіметте өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тұрғын үй көмегі әлеуметтік әмиянға қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ өкілдері премьер-министрден халықтың әлеуметтік осал топтарын коммуналдық шығандардың күрт өсуінен қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады. Қанат Бозымбаев бұл мәселе заң жүзінде реттелгенін атап өтті.
"Егер тарифтер көтеріліп, халықтың табысы жеткіліксіз болса, онда отбасының жалпы табысы алынып, есептеледі, егер ай сайынғы коммуналдық шығындар 7 пайыздан немесе 10 пайыздан асса, ол мемлекет есебінен – жергілікті бюджеттен өтелуі керек. Бұл пайыз өңірлерге байланысты. Мысалы, Астанада көп болуы мүмкін, Алматыда адамдар көбірек табыс табады, Атырауда немесе Қызылордада 5 немесе 7 пайыз болуы мүмкін. Механизм әзірленді. Жай ғана тұрғын үй көмегі әлеуметтік әмиянға қосылады", – деді ол.
Алайда бұл көмек кез келгенге бұйырмайды.
"Егер үш адам тұрса, олардың 800 немесе 1000 шаршы метр үлкен үйі болса, онда әлеуметтік нормалар бойынша өтемақы төлейтініміз анық. Бірақ 3 бөлмелі пәтерде 5-6 адам тұратын болса, онда 100 пайыз өтемақы төленеді. Кез келген әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға жетуі керек. Бұл, бірінші кезекте – халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтары", – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
