Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “қара тізім” енгізілуіне байланысты телефон бағасы көтеріле ме: Министрлік жауап берді

Қазақстанда "қара тізім" енгізілуі телефондардың бағасына әсер етпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Цифрлық даму министрлігі өкілінің айтуынша, жаңа жүйе ресми дүкендердегі бағаларға әсер етпейді.

"Верификация процедурасы телефонның бағасына әсер етпеуі керек. Ресми өкілдер барлық процедураларды өтіп, кедендік салықтарды төлеп қойған. Олар телефондарды нарықтық бағамен сатады. Ал егер "құжатсыз" телефондар Қазақстанға заңсыз әкелінген болса, олардың бағасы жоғарылауы мүмкін", – деді Кабенов.


 

Елімізде смартфондардың "қара тізімі" енгізіледі: Бұрын сатып алынған телефондардың жағдайы не болмақ


Ол қазақстандықтар телефон сатып алар алдында құрылғының "қара тізімде" бар-жоғын тексере алатынын айтты. Мұндай телефондар 2025 жылдың 26 мамырынан бастап Қазақстанда жұмыс істемейді.

QAZTECH ақпараттық қауіпсіздік альянсының комитеті жаңа жүйе енгізілгеннен кейін мобильді телефондардың бағасы уақытша көтерілуі мүмкін деп болжайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталатыны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау