Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қант диабеті мен ДЦП енді әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына кірмейді

диабет ДЦП әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынып тасталды

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі қант диабеті, ДЦП, эпилепсия диагноздарын әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімінен алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрліктің "Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына енгізілген өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Олардың қатарында: 

  • Туберкулез
  • Адамның иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ)
  • Созылмалы вирустық гепатит пен бауыр циррозы
  • Қатерлі ісіктер
  • Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
  • Жүрек инфаркті (алғашқы 6 ай)
  • Сирек (орфандық) аурулар
  • Жүйке жүйесінің тозу аурулары
  • Орталық жүйке жүйесінің демиелинизация аурулары
  • Эпилепсия
  • Инсульт (аурудан кейінгі 1 жыл ішінде) бар.

Ал 1 қаңтардан бастап төрт топтағы аурулар әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығарылады:

  • Қант диабеті
  • ДЦП (балалар церебралды сал ауруы)
  • Ревматизм
  • Дәнекер тіннің жүйелі аурулары (мысалы: қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит, Шегрен синдромы).


Жаздың соңында министрлік қант диабетін тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінен шығарып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне ауыстырылатынын хабарлаған.
Бұл дегеніміз сақтандырылған азаматтар ғана дәрігерге тегін қаралып, дәрі-дәрмектерді ақысыз ала алады. Бұрын мұндай шектеу болмаған. Себебі әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратындар сақтандыруына қарамастан толық көмек ала алатын.

Бұл жаңалық көптеген науқастарды алаңдатты. Олар әлеуметтік желілерде бейнежазбалар жариялап, мемлекет көмегінсіз қаламыз ба деп қорқатындарын айтты.

"Қант диабеті бар азаматтар қолдаусыз қалмайды. Бұл аурумен ауыратындардың 96%-ы сақтандырылған. Сондықтан барлық медициналық қызмет пен дәрі-дәрмекті тегін ала береді", – деді министрлік.

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 17:37
Талқылау