Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам британиялық штаммды жұқтырғаны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың жаңа штамдары қанша адамнан анықталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алексей Цой 12 адамда британдық штамм анықталғанын жеткізді.

"Алматы қаласындағы науқастардан ДНҚ нәтижелерін тексеру арқылы британдық және оңтүстікафрикалық штаммның циркуляциясы анықталды. Елімізде 13 адамда британдық штамм анықталды. Олардың ішінде 8 адам Алматы қаласына, 3 адам Ақтөбе облысында, Нұр-Сұлтанда бір адам тіркелді. Оған қоса, сырттан алынып келген 8 оқиға тіркелді. Бұл оқиғалар БАӘ-ден келген 5 науқаста, Мысырдан келген 3 науқаста анықталды", - дейді Цой. 

Оған қоса, денсаулық сақтау министрі британиялыққ штаммның қауіптілігі туралы айтты. 

"Бразилиялық" штаммның өлім қаупі жоғары емес. Бірақ ол бастапқы COVID-19 штамына қарағанда тез таралады. Соңғы зерттеулер коронавирустың "британиялық" нұсқасы бастапқы штаммға қарағанда ауруханаға жатқызу және өлім ықтималдығы жоғары", - дейді Цой.  

Талқылау