Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік қозғалысы үшін кей тас жолдар ашылып, кейбірі жабылды

Ауа райының жақсаруына байланысты бірнеше жол көлік қозғалысы үшін ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының хабарлауынша, 2 наурызда сағат 08:00-де республикалық маңызы бар автомобиль жолдары көлік қозғалысы үшін ашылды:

Батыс Қазақстан облысы:

"Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы" автожолының 394-526 км (Жымпиты елді мекені – Ақтөбе облысының шекарасы) учаскесінде;

Ақтөбе облысы:

"Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы" автожолының 526-702 км (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Маржанбұлақ ауылы) учаскесінде;

Сондай-ақ екі облыстағы екі республикалық тас жолға көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Ақтөбе облысы:

"Ресей шекарасы-Мәртұқ-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-Қытай шекарасы" автожолы 776-1240 км (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы);

Қызылорда облысы:

"Ресей шекарасы-Мәртұқ-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-Қытай шекарасы" автожолы 1240-1362 км (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).

Қазір жол жөндеу жұмыстарына 206 арнайы техника мен 376 маман жұмылдырылған.

Талқылау