Қазақстанда исламдық ипотека енгізу жоспарланып отыр – Отбасы банк
Қазақстанда исламдық ипотека енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
"Отбасы Банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда исламдық ипотека енгізу жоспарда бар екенін, алайда жоба әлі тек идея кезеңінде тұрғандықтан, егжей-тегжейлерін әзірге айта алмайтынын атап өтті.
Банк басшысының айтуынша, бұл жобаға тұрғындар арасында сұраныс бар.
Қазақстанда 2025 жылы екі ипотекалық бағдарлама іске қосылады
"Бәріміз мұсылманбыз, бәріміздің намаз оқитын туыстарымыз немесе көршілеріміз бар. Пайыз харам болып саналады. Қазір Қазақстанда исламдық ипотека беретін екі банк бар. Намаз оқитындар үшін арнайы өнім жасау туралы көптеген сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатыр. Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз, ол әлі идея сатысында. Әзірге сұрақтарға жауап бере алмаймын, егжей-тегжейлі қарастырамыз", – деді Ләззат Ибрагимова.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда исламдық ипотека бағдарламасын енгізу ұсынылған еді.