Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда ірі қара мал тәркіленіп, жойылып жатыр": Министрлік желіде тараған видеоларға қатысты пікір білдірді

Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Қазақстанда ірі қара мал тәркіленіп, жойылып жатыр деген видеоларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік таралған видеолардың Қазақстанға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

“Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтай отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде шектеу шараларын енгізуімен жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар туындаған жағдайда тек республикалық эпизоотияға қарсы отряд тарапынан жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада. 

"Қазақстан сүтпен өзін-өзі 100% қамтамасыз ететіні туралы жалған ақпарат таратты": Ауыл шаруашылығы министрінің үстінен арыз жазылды

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Министрлік қазір Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқамалар қабылданбағанын атап өтті. 

“Тек ресми мәліметтерге сенуге және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеу 2026 жылдың ортасына дейін ұзартылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 22:55