Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ипотека бағасы арзандауы мүмкін

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ипотекалық несиелендірудің құнын төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында министр Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, дейді ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылы осы бағдарламаны одан әрі іске асыру жолдарын қарастырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттарды жетілдіру бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай әр тұрғынды баспанамен қамту көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізе отырып, ипотекалық несие құнын арзандату мәселесін пысықтап жатырмыз», – деді министр.

Оның айтуынша, биыл коммерциялық банктер үй салушыларға 125 миллиард теңге субсидияланған кредит, сондай-ақ 105 миллиард теңге ипотека береді.

«Банк секторының жаңаруы несие көлемінің жылына 300 млрд. теңгеге дейін өсуіне алып келеді. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің инвесторларының үлесі 12%-ға дейін  артуы мүмкін»,-деді министр.

Қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үй көлемі артады.

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй құрылысын екінші деңгейлі банктер қаржыландыратынын айтты.

«Біз ақша нарығының механизмдерін пайдалануымыз керек. Құрылысты қаржыландыру жұмысы банктерге, ал Үкімет, Ұлттық банк және әкімдер тұрғын үй құнын арзандатуға жағдай жасауы керек », – деді Елбасы.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қазақстанда дағдарыстың аяқталғанын мәлімдеді

Ұлттық экономика министрлігі бюджетті қайта есептегелі жатыр 

Астанада автобус жолаушысы бес миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Қазақ дәстүрі: Халқымыз не себепті кей қызын еркекшора қылып өсірген

Талқылау