Басты жаңалықтар
Қазақстанда инфляция деңгейі 8,9%-ға дейін көтерілді
Қаңтарда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды. Ал 2024 жылдың соңғы айында 8,6% еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы 5,8%-ға дейін өсті. 2024 жылғы желтоқсанда 5,5% болды. Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) максималды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астанада тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4% жеделдеді. Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді. Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті. Ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.
Талқылау

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
Мамандар мұнай қоры таусылса, экономиканы әртараптандыру керек деп санайды

"Өз аяғымен кірген бауырымның денесін 2 сағаттан соң алып шықтық": Дәрі еккеннен көз жұмған шымкенттік оқушының туыстары бауырының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Марқұмның ағасы бауырының бұған дейін мүлдем ауырмағанын айтты