Қазақстанда харассментті бөлек бап ретінде қарастыру ұсынылды
Қазақстанда енді харассмент үшін жаза қарастырылады. Мұны Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы халықаралық конференциясында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізде енді сексуалды сипаттағы қысым, азғындық үшін жазалану мәселесі ктерілді. Оның әзірге қалай жүзеге асатыны белгісіз, десе де әлеуметтік белсенділер түбегейлі шаралар қажет дейді.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов “харассмент” түсінігі заңға ену керегін айтты. Еліміз әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдік туралы халықаралық конвенцияларды ратификациялаған.
"Харассмент" ұғымын енгізу жоспарлануда. Соңғы кездері депутаттар бұл тақырыпты депутаттық сауалдарында белсенді түрде көтеріп жүр. Сонымен қатар әйелдер "сталкинг" құбылысына жиі тап болады, бұл дегеніміз – аңду, артынан тың тыңдау. Мұндай әрекеттер көптеген елдерде қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Біздің елге де мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтуді ойлайтын кез келді”, – деді мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Мамандардың айтуынша, харассментпен күресу үшін бұл ұғымды заңға да, еңбек кодексіне де енгізу керек, осылайша бұл туралы бап бөлек жазылады. Мамандар кінәсі дәлелденген харассерлердің тізімін жүргізуді ұсынады.
“Қысым көрсететіндер мен азғындық жасайтын жұмыс берушілердің тізімі болуы керек. Дәлелденген жағдайда әкімшілік айыппұл салынуы керек. Маған бір қыз жазды, айтуынша, 19 жыл оған мұғалімі тиіскен. Қыз әлі күнге дейін бұл жағдайдан қорқады”, – деді әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Тоғжан Қожалы.
Сарапшылардың айтуынша, әйелдер көбінесе жұмыстағы азғындық туралы жақ ашпайды. Мұның бірнеше себептері бар. Кейбіреулер әріптестерінің немесе туыстарының сынынан қорқады, басқалары оларға ешкім сенбейді немесе көмектеспейді деп қорқады. Әрі көпшілігін жұмыссыз қаламыз деген ой мазалайды.
“Қазір арыз жазсаңыз, ол адам жазаланатын шығар, бірақ кейін жұмыс таба аламын ба деп қорқады. Өкінішке қарай, олар үнсіз қалады, себебі психологиялық тұрғыда дайын емес. Психологиялық дайындық болмағандықтан, олар заңды түрде кеңес алу үшін адвокатқа бармайды”, – деді психолог Герман Владимиров.
Мамандардың айтуынша, харассерді жазалау үшін бейне және аудио сияқты дәлелдемелерді ұсыну қажет. Сондай-ақ дәл солай жұмыста қысым көрген немесе осындай жағдайдың куәсі болғандарға жүгінген жөн. Қалай болғанда да, үнсіз қалу мәселені шешпейді.