Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тарифі ең төмен елдердің біріміз": Қазақстанда газдың бағасын өсіру ұсынылды

Қазақстанда газдың бағасы өседі

Фото: Ru.freepik.com

“QazaqGaz” ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов “Самұрық-Қазына” қорының Қоғамдық кеңесі отырысында Қазақстанда газдың көтерме бағасын арттыру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлібек Жамауовтың айтуынша, тауарлық газдың көтерме бағасы кезең-кезеңімен өсіп жатқанына қарамастан, Қазақстан әлі де халық үшін көгілдір отынның тарифі ең төмен елдердің бірі болып отыр.

“33% көлеміндегі соңғы түзетуді ескергеннің өзінде, ішкі нарықтағы “QazaqGaz” компаниясының жыл сайынғы субсидия көлемі 200 миллиард теңге деңгейінде қалып отыр. Сонымен қатар соңғы жылдары газ бағасының өсуі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көпшілігіне қарағанда әлдеқайда төмен болды. Бұдан бөлек, соңғы он жылдықта қазақстандықтардың коммуналдық шығындарындағы газдың үлесі 6,4%-дан 5,2%-ға дейін азайды”, — деді ол.

Оның сөзінше, газдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды іске асыру және инфрақұрылымды дамыту үшін көтерме бағаны біртіндеп өзіндік құн деңгейіне дейін жеткізу қажет. Әлібек Жамауов бұл елдің энергия қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның барлық өңірлерін сенімді түрде газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 16:23
Талқылау