Қазақстанда есірткі бизнесіне қатысы бар шенеуніктер өмір бойына бас бостандығынан айырылмақ
Қазақстанда есірткі бизнесіне қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock.com
Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Бұған дейін мәжіліс депутаттары есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң жаза тағайындау туралы бастама көтерген еді.
"Екінші мүмкіндіктен үкімет есірткі бизнесіне қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаны күшейтуді көздейтін түзетуімізге оң қорытынды берді", – делінген депутат жазбасында.
-
"Көлігінен 18 қап ақ ұнтақ табылды": Қарағанды облысында командир ірі көлемде есірткімен ұсталды
Депутаттың айтуынша, заңдағы бұл түзетулер қазақстандықтарға төніп тұрған аса ауыр қатерлердің біріне қарсы күресте маңызды қадам.
“Ресурстарға және құпия ақпараттарға қол жеткізе алатын шенеуніктер, оның ішінде "формадағы қасқырлар" өз қызметін пайдалана отырып есірткі бизнесіне араласып, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", – дейді Аймағамбетов.
Депутат заң жобасының мақсаты – кінәлілерді жазалау ғана емес, мансабына қарамастан ешкім жауапкершіліктен құтылмайтынын айқын көрсетіп, келешекте осыған ұқсас қылмыстардың алдын алу екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында есірткіге қарсы күрес бөлімінің бастығы марихуана сатқаны анықталған еді.