Қазақстанда ерлі-зайыптылар бірігіп, ерте зейнетке шыға алады
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Әжібек Сағи елімізде бірлескен аннуитет алу мүмкін болатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Туыстар мен ерлі-зайыптылардың зейнетақы қорын бірлестіру арқылы, екі адам да ерте зейнетке шығуға мүмкіндік алады.
"Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге және кірістерді осындай аннуитетпен қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер ерлі-зайыптылардың бірінде өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы олардың екеуі де өмірлік төлемдер ала алады", - дейді маман.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"