Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Елімізде әйелінің жатырын жалға беретін азаматтар көбейген. Мамандар олардың көздегені жалғыз-ақ нәрсе – ақша екенін айтады.

Қымбат кәсіпке қызыққа ер адамдар суррогаттық орталыққы жиі клетін болған. Ерлердің мұндай әрекеті қаншалықты заңды?

Дамира Шоқанқызының Суррогаттық ана орталығын басқарғанына 10 жылдан асты, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

«Бізге әйелінің жатырын саудаға салатын ер адамдар көп келеді. Бізге келіп, базарда тұрғандай саудаласады. Ай сайын  осынша ақша төлейсіңдер деп талап қояды», – дейді Дамира Шоқанқызы.

Ғаламторда хабарландыру жазған ер азаматтың бірі әйелінің жатырының құнын 30 мың долларға бағалаған.

«Бірде ер азамат ақшаны қазір төлемесеңдер, баланы бермейміз деп шу шығарған. Тіпті ақшасын әкелу үшін жүкті әйелін үйінен қуып жібергендер де бар», – дейді орталық басшысы.

Заңгер Шыңғыс Сейфолланың айтуынша, егер әйелі өзі қаламай күйеуінің мәжбүрлігімен суррогат ана болатын болса, оны жауапқа тарту керек.

Мамандар суррогат ана қызметіне деген сұраныс 10 жылда екі есеге көбейгенін айтады. Мәселен, Айнұр есімді келіншектің жасы 25-те.

Суррогат ана болуға дайындалып жүр. Бір қызы бар, өзі ажырасқан.

«Қызым екеумізге ипотекаға үй алып, ақшасын төлеу маған ауыр. Сондықтан суррогат ана болу қызметін таңдадым. Туыстарым бұл жайлы білмейді», – дейді келіншек.

Суррогат ана жалдайтын ерлі-зайыптылар ай сайын 100 мың теңге төлеуге, 3 млн теңгеге дейін өтемақы беруге дайын. Міне осы қаражат еліміздегі ер азаматтардың ұйқысын қашырып жүрген секілді.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер науқастың аяқ саусағын қолына тігіп берді

Министр Ермекбаев Қазақстанда жабық киінуге тыйым салудың себебін айтты

Танымал актриса 30-дан асқан шағында лауазымды азаматқа тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау