Қазақстанда енді жылдамдықты асырғаны үшін 117 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда енді жылдамдықты асырған жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері артады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айыппұлдың мөлшері жүргізушінің рұқсат етілген шекті қанша километрге асырғанына және құқықбұзушылықтың қайталануына байланысты болмақ.
Мәселен, жылдамдықты 10–20 км/сағ-қа арттырғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады — бұл 19 660 теңге. 20–40 км/сағ аралығында асырған жағдайда айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге), ал 40 км/сағ және одан көп асырғаны үшін 20 АЕК (78 640 теңге) құрайды.
Қазақстандықтарға түнде баласы жылағаны үшін айыппұл салына ма: Полиция жауап берді
Бір жыл ішінде қайталанған құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, 30 АЕК, яғни 117 960 теңге айыппұл қарастырылған.
Айта кетейік, 2025 жылы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері 3 932 теңге болып белгіленген.
Айыппұл тіркелген сәттен бастап 7 тәулік ішінде оның жалпы сомасының 50% мөлшерін төлеу құқығын пайдалануға болады.
Жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ірі айыппұлдардан сақтану үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес беріледі.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандықтар екі-үш жерде жұмыс істесе 443 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайтыны туралы жазғанбыз.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
