Қазақстанда енді жер телімдерін онлайн түрде жалға және сатып алуға болады

Қазақстанда енді жер телімдерін онлайн салып алуға және жалға алу мерзімін ұзарту болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.
Жаңа цифрлық қызметтердің бірі – жер телімін мақсаттық тағайындалуын өзгерту. Мысалы, егер жер бұрын ауыл шаруашылығы үшін рәсімделген болса, ал меншік иесі құрылыс жүргізуді жоспарласа, мақсатты тағайындауды өзгертуге өтінімді енді онлайн беруге болады.
Сонымен қатар, жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн форматқа ауыстырылды. Өтінімді алдын ала жалға алу мерзімінің аяқталуына 90 күн қалғанда беруге болады.
Қазақстандықтар әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн ала алады
Сондай-ақ жер телімін жеке меншікке сатып алу рәсімі де цифрландырылды. Енді жерді онлайн сатып алу мүмкіндігі бар. Мұны біржолғы төлеммен де, бөліп төлеу арқылы да жасауға болады, бұл меншік құқығын алуды жеңілдетеді.
Корпорациясының мәліметінше, бұл қызметтер біріккен мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры ақпараттық жүйесі, электронды үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдар жүйелерінің интеграциясы арқасында жүзеге асырылған. Бұл негізгі процестерді онлайн режимге көшіруге және өтінімдердің мәртебесін жүйеде қадағалауға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыра алатыны туралы жазған едік.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?