Қазақстанда енді несие мен алимент бойынша қарызын төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Қазақстанда енді несиесін төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Жеке сот орындаушылары төленбеген несие, айыппұл, алимент секілді қарызы бар борышкерлердің банк картасын бұғаттап қана қоймай, тиісті қаулы шығарып көлік айдау құқығынан шектеуі мүмкін. Алайда бұл қатаң шара қарызы бардың бәріне бірдей қолданыла бермейді екен.
Бұл шара берешегі 1 миллион 81 мың теңгеден асқандарға қолданылады.
“Жүргізуші куәлігін тоқтату ол 250 АЕК, ал заңды тұлғаларға және компанияларға 1250 АЕК-тен асса қолданылады. Егер борышкерде алимент бойынша, ай сайын төлейтін ақшасы 3 айдан артық төленбесе ол кезде сомаға қарамайды. Біз барлық әрекетті қолдана береміз”, – дейді жеке сот орындаушысы Дамир Шаханов.
Қазақстанда несиесін төлей алмаған азаматтарды банкрот деп тану рәсімі жеңілдетілмек
Куәлігінен айырылған азамат борышын өтегеннен кейін ғана құжатын қайтара алады. Заңгерлердің айтуынша, жеке сот орындаушылардың бұл әрекетінен азаматтардың құқығы бұзылмайды. Себебі шара қолданылмаса қарыз беруші тараптың құқығы сақталмайды дейді. Оның үстіне заңға сәйкес, жеке сот орындаушылары істі ресми тіркеуге, прокуратура мен соттан шешім алуға міндеттелген.
“Жеке сот орындаушының өзіне байланысты. Қаншалықты заң бойынша жұмыс істейтіні. Егер де оның іс-әрекетінде заңсыздықтар болып жатса ол кезде айыпты тараптың өкілі сотқа шағымдана алады”, – дейді заңгер Алина Шынтаева.
Дегенмен жүргізуші куәлігінен айыру соттың шешімімен ғана іске асырылады. Көлік айдаудан шектеу туралы қаулы шықса, ол іс полицияға жолданады. Құзырлы орган жүргізушіні анықтап, куәлігін тәркілейді. Алайда жеке сот орындаушысы істі қолға алған сәтте борышкер күнделікті табысын көліктің арқасында тауып отырғанын ескертіп, дәлел ұсынса рөлге отыру құқығынан айырылмауға мүмкіндігі бар.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыра алатыны туралы жазған едік.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?