Қазақстанда енді әкімшілік тәртіп бұзушылықтарға да автоматты түрде айыппұл салынады

Қазақстанда бұдан былай айыппұл тек жол ережесін бұзғандарға ғана емес, кез келген әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін автоматты түрде жазылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 наурыздан бастап Қазақстанда автоматты айыппұлдардың қолдану аясы кеңейеді.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұған дейін автоматты түрде тіркеу көбінесе жылдамдық асырған немесе қызыл жарыққа өткен жүргізушілерге қатысты қолданылса, енді цифрлық жүйелер арқылы кез келген әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұл дереу жазылады.
Әкімшілік кодекстің 31-бабында цифрлық жүйелер арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша хаттама толтырмай-ақ, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Мұндай жағдайда деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интеграцияланған жүйелер арқылы өңделеді.
Заңда көлік құралдарына қатысты тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі де жеке көрсетілген, мұнда бұрынғыдай көлік иелері жауапқа тартылады.
-
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген
-
Қазақстанда мұғалімдерді өз жұмысына қатысы жоқ іске жеккендер айыппұл арқалайды
Енді "автоматты режим", яғни, камералар, дрондар, ақылды жүйелер кез келген азаматтың кез келген әкімшілік бұзушылығын тіркей алады. Мысалы, адам қоқыс тастаса немесе аялдамада шылым шектесе, жүйе оны тіркеп, айыппұл жібере алады.
Қандай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салынуы мүмкін:
- Көшеде қоқыс немесе темекі тұқылын тастау (2026 жылы 43 250 теңге);
- Темекіні тыйым салынған жерде шегу;
- Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту;
- Заңсыз сауда немесе алкогольді сатуға рұқсат етілмеген уақытта сату (ақылды камералар бар орындарда).
Егер цифрлық жүйе адамның жеке басын анықтап, ақпаратты мемлекеттік деректер базасымен растаған жағдайда, хаттамасыз бірден айыппұл жазылады. Бұл өзгеріс "Сергек" тәрізді бақылау жүйелерінің функционалын кеңейтеді. Бұрын видеожазбалар негізінен дәлел ретінде қолданылса, енді ұсақ құқықбұзушылықтар үшін бірден автоматты түрде айыппұл салуға мүмкіндік туады.
Бұл жүйе әлемдік тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен Қытайда бет-әлпетті тану арқылы жолдан өту немесе қоқыс тастағандарға автоматты айыппұл слынады. Сингапурде роботтар мен камералар шылым шегу, қоқыс тастау, дұрыс емес велосипед қоюды тіркеп айыппұл салады.Қазақстанда да енді күнделікті тұрмыстық құқық бұзушылықтарға автоматты айыппұл қолданылатын болады.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы полициясы самокатты дұрыс емес жерге қойғаны үшін айыппұл салуды ұсынған еді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты