Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады

Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Қазақстанда ең көп жалақыны мұнай және газ өндірісі, ал ең аз жалақыны бала-бақша тәрбиешілері мен шаруалар алған.

Жұмысшылардың белгілі (өзекті) кәсіптері және қызметкерлердің лауазымдары бойынша орташа айлық жалақының көлемі туралы ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті экономикалық қызметтің жеке түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға бір жолғы зерттеу жүргізеді. Зерттеуге қыркүйек айында толық жұмыс істеген қызметкерлер кіреді.

2016 жылдың зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық қызмет түрлерінде еңбекақы төлеуі қызметкерлердің кәсіптер топтары арасында жіктелуі сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,6 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,4 есеге көп.

“Ең жоғарғы жалақы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында – 1 118 мың теңге тіркелді, бұл көмір және лигнит өндіру саласындағы басшылардың орташа алатын жалақысынан 4,2 есе және құрылыс саласындағы – 3,0 есе жоғары. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандарында жоғары жалақы – 571 мың. теңге, және 482 мың теңге алғанын атап өткен жөн”, – делінген министрлік хабарламасында.

Экономикалық қызмет түрлері және атаулы жалақының мөлшері бойынша жеке кәсіптерді топтастыруы келесі сипатта көрінеді:

зарплаты3001

Экономикалық қызмет түрлері және қызметкерлердің кәсіптері бөлінісінде еңбекақы төлеуі айтарлықтай айырмашылық сақтауда. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін техникалық қадағалау жөніндегі инженерде, бұрғылау жөніндегі инженерде (бұрғылау жұмыстары) және ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер болды (832 – 1 016 мың теңге). 295 мың теңге жалақыны мұнай өндеу өнімдерін өндіру саласындағы қызметкерлер, ал 297 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер алды.Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде (308 мың теңге), біліктілік деңгейі бар мамандардан – қаптаушы-мраморшы (282 мың теңге) алды.

Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (166 мың теңге), тракторшы (147 мың теңге) ,ал төменгі жалақыны – фермерлер мен қырықтықшылар және күзетшілер  27 – 41 мың теңге шамасында алды.

Негізгі кәсіптер және қызметтер топтары бойынша әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың басшылары лауазымында жұмыс істейтін еркектердің жалақысы 540 мың. теңге, аудармашы –282 мың. теңге, экономист –  202 мың. тенге, есепші –  167 мың. теңге болды. Бұл 1,1 – 2,2 есе әйелдердің орташа жалақысынан жоғары.

“2016 жылғы қыркүйекте Алматы қаласы және Атырау облысында ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 920 мың теңге және 716 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, және Алматы облыстарында болды, мұнда басшылар 226 мың теңгеден 253 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 4,1 есені құрады”, – делінген хабарламада.

Экономистің жоғары жалақысы Астана қаласы және Атырау облысында байқалды, тиісінше 251 мың теңге және 248 мың. теңге, ал төменгі – Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 94 – 104 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейінде айырмашылық бар Астана қаласы – 175 мың теңге, ал Қарағанды облысында – 129 мың теңге.

Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 133 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,7 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 109 мың теңге және 1,6 есе, тәрбиелеушіде – 75 мың теңге және 1,5 есені құрады.

Жіберіп алмаңыз:

Жоғары жалақыға қол жеткізудің 6 ережесі

Әкімдердің жалақысы жеке құпия ма?

Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын 2 есеге арттыру туралы ұсыныс жасалды

Талқылау