Қазақстанда ең қымбат баспана қай өңірде
Фото: Stan.kz
2025 жылдың маусым айында тұрғын үй нарығындағы ең жоғары баға Алматыда тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұнда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 647 728 теңге. Ал қайталама нарықта 681 923 теңге.
Құны жөнінен елорда екінші орында. Астанада жаңа ғимараттың шаршы метрі орта есеппен 593 764 теңге, қайталама нарықта 642 702 теңге тұрады.
Атырауда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі үшін 512 205 теңге және қайта сатудан түскен тұрғын үйге 482 711 теңге.
Шымкентте жаңадан салынып жатқан ғимараттардың құны орташа есеппен шаршы метріне 502 636 теңге болады. Қайталама нарықта баспана арзанырақ, яғни 438 290 теңге.
Алғашқы бестікті Семей түйіндеп тұр. Мұнда жаңа баспананың шаршы метрі 453 834 теңге, ал қайта сатылатын баспана 430 943 теңге тұрады.
Қалалардың толық тізімі мен бағасын мына жерден көре аласыз.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" басқарма қаулысының жобасын әзірлегені туралы жазған едік.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
