Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді

Қазақстанда электромобиль жүргізушілеріне талап күшейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Электр қуатымен жүретін көліктердің жүргізушілері темір тұлпарларының электрокар екенін көрсететін арнайы белгі жабыстыруға міндетті. Заң сақтамағандарға алдымен ескерту беріледі, кейін 11 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бұл тәртіп тоқпен қуатталатын көліктерге арналған тұраққа қарапайым көліктердің тұруына жол бермеу үшін қажет. Сондықтан жасыл түсті арнайы жапсырманың болуы электромобиль жүргізушілерінің өздері үшін де ыңғайлы дейді министрлік өкілі.


Электромобильдердің жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екені дәлелденді


Айта кетейік, шілде айында Қазақстанда енген заңға сәйкес электромобильдер тұрақ үшін ақша төлемейді.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде электромобильді көлігін үйінде қуаттайтын жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

Талқылау