Қазақстанда дүкен мен мейрамхана иелері Тәуелсіздік күніне орай ерекше челлендж бастады
Фото: Threads
Елімізде Тәуелсіздік күніне орай дүкендер мен сауда нүктелерін ұлттық нақышта безендіруді мақсат еткен ерекше челлендж басталды. Әлеуметтік желілерде кең тараған бастама мереке қарсаңында ел ішіне жаңа реңк беріп жатыр. Осы орайда Stan.kz бастаманың қалай өрбігеніне шолу жасап, оған кәсіпкерлердің қосып жатқанын үлесін зерттеп көрді.
Тәуелсіздік күніне орай бастау алған іс әуелі Астана қаласындағы “Әзірет Маркет” дүкенінен басталды. Оның иесі Тәуелсіздік күніне орай дүкен ішіне Көк туымыз бен шар іліп қойған. Кәсіпкер Темірхан Әшімұлы безендіруге 4 мың шар мен 1000 ту қолданыпты. Дүкен иесі безендіруге 2 миллион теңге жұмсаған.
Ерекше безендірілген дүкеннің суретін Threads-желісінің қолданушысы жариялады.
“Жаңа жыл, әрине, жақсы мереке. Бірақ бұдан да маңызды мереке келе жатқанын ұмытпауымыз керек! Біздің тұрғынүй кешеніндегі дүкен иесіне ерекше риза болдым, өйткені ол барлығына осындай маңызды мерекенің көлеңкеде қалып қоймауға тиіс екенін еске салды”, – деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары осы дүкенге барып, саудасын жүргізуге дайын екенін жеткізді. Алғашқылардың бірі болып, дүкен табалдырығын продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев басты. Ол кәсіпкерге алғысын айтып, мұндай бастаманы әрі қарай жалғау керегін жеткізді.
Осылайша бұл челлендж Қазақстан бойынша белең алып, еліміздің жер-жерінде кәсіпкерлер өз дүкені, мейрамхана және сауда желісін безендіріп жатыр. Солардың бірі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан “Үржар” дүкені. Олар Астанадағы “Әзірет” дүкенінен шабыт алдық дейді.
“Біз де “Әзірет Маркет” дүкенін көріп шабыт алдық. Ырғыз ауданы “Үркер” үлкен дүкені. Тәуелсіздік күні құтты болсын”, – деп жазды олар.
Скрин: Threads
Келесі бастама Орал қаласы, Байтерек ауданы, Мичурин ауылында жалғасын тапқан. Онда дүкен сыртынан бастап қазақы белгілермен безендірілген. Онда мемлекеттік Ту мен кішкене жалаушалар және сары-көк шар айналдыра ілінген. Дүкеннің видеосын Threads желісіне қолданушы жариялаған.
“Орал қаласы, Байтерек ауданы, Мичурин ауылы. Янтарь дүкенінің иелеріне риза болдым. Тәуелсіздік күніне жасаған безендіруі керемет шыққан. Берекесін берсін. Жас отбасы кәсіпкерлердің дүкені , сатушылары да керемет. Кіріп келсең жылы сәлемдеседі. Дүкеннің 1 жылдығына тегін нан таратып еді”, – деп жазды ол.

Скрин: Threads
Бұл бастамаға КітапАл дүкені де үлес қосты. Олар: 1Сәрсенбі Threads-те “Қазақстан күні” екен. Біз де дүкенімізді соған сай безендіріп қойдық”, деп жазды.
Скрин: Threads
Аталған челленджден Алматы көшелері де шабыт алып, ұлттық символикамен безендірілді. Қалад түсірілген фотоны Threads желісіне желі қолданушысы жүктеді. Ол: “Бүгін суықта көрген ең ыстық көрініс” деп жазған.
Скрин: Threads
Тіпті тұрғын үйлердің кіреберістері де мемлекеттік рәміздермен безендіріліп жатыр.
Скрин: Threads
Мейрамханалар да үлесін қосқан
Ал тағы бір челлендж мейрамханадарда жалғасын тапты. Ерекше ұлттық символикамен безендірілген дәмхана суреттерін Threads-желісінің қолданушысы жариялаған.
“Бүгін Қарағанды қаласы, Shanyraq кафесінде мынадай көрініске куәгер болдым. Ұлттық символикамен әдемі безендірілген. Осындай атмосфера үшін рақмет. Тіпті намыс оянып кетеді екен”, - деп жазған ол.

Скрин: Threads
“Threads-те 16-желтоқсанға орай Астаналық дүкен барлық жерін шармен және Қазақстан жалауларымен безендіргенін көріп, біз де қосылып, қолдайық деп шештік. Қонақтарымызға ұнап жатыр”, – деп жазды кафе әкімшілігі.
Cкрин: Threads
“Тәуелсіздік күні ерекше күтетін, жастарға рух беретін мерекеміз болсын. Жылдан жылға Еліміздің болашағы өркендей берсін. Жігерлі жастарымыз көбейіп, еліміз өркендей берсін. USD Doner сізбен бірге”, – деп жазды дәмхана әкімшілігі.
Cкрин: Threads
Ал бұл бастамаларды желі қолданушылары қолдап, дүкен, мейрамхана иелеріне алғысын жаудырып жатыр.
“Уау, қандай әдемі! Бұл дүкен қайда орналасқан, бару керек екен”, “Дүкен иесі, жарайсыз”, “Мен де ойлайтынмын, барлық елде Тәуелсіздік күнін сән-салтанатпен, жарқын түрде атап өтеді. Көшелер миллиондаған тулармен, шарлармен безендіріледі, мысалы, АҚШ-та әрбір үйдің өз туы ілулі тұрады. Ал бізде болса, бәрі біртүрлі жасырын, тым тыныш өтетін сияқты”, “Осыны дәстүрге айналдырсақ қой”, “Сөз жоқ, тек эмоция, керемет”, “Өте әдемі көрінеді екен, мен де үйімді безендіріп қоямын-ау”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуелсіздік күніне орай безендірілген азық-түлік дүкені қазақстандықтардың ықыласына бөленгені туралы жазған едік.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды