Қазақстанда доллар бағамы тағы 5 теңгеге өсті
12 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде доллардың бағамы 522,91 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Бір тәулікте доллар бағасы 5,17 теңгеге, ал бір айда 27,82 теңгеге көтерілген.
Қазақстандағы валюта айырбастау пункттеріндегі орташа бағамдар:
- Доллар: сатып алу – 519-520 теңге, сату – 522-523 теңге.
- Еуро: сатып алу – 544-5444 теңге, сату – 550-554 теңге.
- Рубль: сатып алу – 4,9-5 теңге, сату – 5,05-5,13 теңге.
ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы 73,67 долларға тең.
Айта кетейік, Қазақстанда доллар күрт төмендеді. Бүгінгі саудада шамамен 10 теңгеге арзандап, айырбастау орындарында 516 және 517-ден сатылып жатыр. Осы орайда, төмендеу үрдісі сақтала ма, деген сауалға сарапшылар жауап берді. Сарапшылардың айтуынша, қазір доллар бағамына болжам жасау мүмкін емес. Елдегі қаржы жағдайы әлемнің геосаяси бейнесіне өте тәуелді.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк өкілі 500 деген санға тірелудің керегі жоқ екенін, оның жай сан екенін жеткізген еді. Кейін Ұлттық банк төрағасы "500 деген жай сан" деп айтқан орынбасарының сөзін түсіндірді.