Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы қайтадан 490 теңгеге жетті

Ұлттық банк 15 қазандағы жағдай бойынша доллар бағамы 484,11 теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысына сәйкес, доллар 2,9 теңгеге қымбаттады. Осылайша доллар бағасы 487,42 теңгеге дейін өсті. 

Алматылықтар ақша айырбастайтын орындарда долларды 487,31 теңгеге сатып алып жатыр және 489,15 теңгеге сатылып жатыр. Астанадағы ақша айырбастайтын орындарда долларды орта есеппен 485,87 теңгеден сатып алып, 490,86 теңгеден сатып жатыр. 



Бұған дейін Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 494 теңгеден асқаны туралы жазған едік.

Талқылау