Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы 490 теңгеден төмен түсті

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда доллар бағамы 490 теңгеден төмен түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 489,99 теңгені құрап, 0,39 теңгеге төмендеді. Ал Ұлттық банк белгілеген 17 ақпандағы ресми бағам 491,97 теңге деңгейінде бекітілді.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,93 теңгеден сатып алынып, 493,66 теңгеден сатылуда. Еуро 580,35–585,03 теңге аралығында саудаланып жатса, ал рубль бағамы 6,37–6,48 теңге шамасында.

Астана қаласында доллар 488,00 теңгеден сатып алынып, 495,00 теңгеден сатылуда. Еуроны 575,00 теңгеден сатып алуға, 585,00 теңгеден сатуға болады. Рубль 6,30 теңгеден сатып алынып, 6,60 теңгеден сатылуда.

Ал Шымкент қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,46 теңгеден сатып алынып, 492,67 теңгеден сатылуда. Еуро 580,83–586,07 теңге аралығында, рубль 6,37–6,44 теңге деңгейінде саудалануда.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде доллар бағамы 490 теңгеге дейін төмендегені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 20:08