Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда денесін пышақ кеспейтін темір жігіт бар

Жұрт Баянауыл қаласының тұрғынын “Пышақ өтпейтін темір жігіт” деп атап кеткен. Расымен де, Жеңісбек Қадырұлының дәл осындай ерекше қабілеті бар. Мұнымен қатар, ол арқасына ара қойып, үстінен бірнеше адамды жүргізе алады.

мапе

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Жеңісбек Қадырұлын ел “Пашық өтпейтін темір жігіт” деп атайды. Өйткені оның терісі өткір пышақпен қанша рет тілгілесе де, кесілмейді, қанамайды. Сондай-ақ, ол кеудесіне тас қойып ұрғызып, шынтағымен 16 кг екі гір тасын көтереді. Ерекше қабілет иесі көптеген облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері. 2013 жылы өткен “Аймақтар аламаны” жобасының жеңімпазы атанды. Бүгінде ол Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мәдени ойын-сауық орталығының қызметкері. Бойындағы өнерін шәкірттеріне үйретіп, түрлі сайысқа дайындап жүр.

макв

“Кешегі өткен ата-бабаларымыз ат шапса, тұяғы тозбайтын ұлан-ғайыр даламызды қорғап қалды емес пе?! Олар қылыш өтпейтіндей мықты болған. Дәл осындай керемет елдің ұрпағымыз. Меніңше, мұндай күш әр қазақтың тегінде бар. 12 жасымда түс арқылы аян алдым. Маған біреу келіп денемді пышақ кесе алмайтынын айтты. Бұл туралы анама айтып бердім. Ол кісі “Тектілік тегіңде бар. Кезінде біздің ата-бабаларымыз аюмен алысып өткен адамдар” деді. Әкем үнемі қасына ертіп, көп нәрсеге дайындады. Қыстың аязды күндерінде қарға шомылдырды.

Бірақ ол кезде елдің алдына шығып өнер көрсеткенім жоқ. Барлығын жасырын істеп жүрдім. 1992 жылы алғаш рет ел алдында шығармашылық кеш бердім. Шеге, балта, кірпіш, тас сындыру сияқты өнерлерімді көрсеттім. Арасында қиын жағдайлар да болды. Маңдайыма кірпіш қойып, оны көмекші жігітке балғамен сындыртқыздым. Ұрғаны сол еді, әлгі кірпіш сынбай қалды. Халық “Өлді, өлді!” деп шулап кетті. Орнымнан тұрып, сахнадан кетіп қалдым. Қазір Баянауылда шәкірттерім бар. Оларға облыстық “Жігіт сұлтаны” байқауында өнер көрсетуге көмектесемін. Өз өнерімді өз бойыма жасырып қалғаным жоқ. Керек кезде үйретіп жүрмін”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғандық 40 кг гір тасын тісімен көтеріп жұртты қайран қалдырды

Қазақстандық суретші 20 жылдан бері қыста жалаңаяқ жүріп жұртты таңғалдырды

Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Талқылау